Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық кітап күні» мерекесіне орай өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету. Аудармашылар, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру», - деп жазылған хабарламада.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
Балаларға арналған үздік кітап
Үздік комикс
Нон фикшн жанрындағы үздік кітап
Детектив жанрындағы үздік кітап
Сатира жанрындағы үздік кітап
Үздік илюстрациялық кітап
Үздік аударма кітабы
Фантастика жанрындағы үздік кітап
Үздік баспа
«Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқауға жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар – 1 сәуір аралығында қабылданады. Оған өтінім беру туралы толығырақ ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: +7 775 897 7788, +7 727 397 61 15.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа мереке – «Ұлттық кітап күні» бекітілді. Мереке алғаш рет 23 сәуірде атап өтіледі.