00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ресейден әкелінген сертификатсыз өсімдіктер өртелді

31 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресейден әкелінген сертификатсыз өсімдіктер өртелді
фото: freepik

Ресейден әкелінген сертификатсыз өсімдіктер өртелді, деп хабарлады Elorda.info.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Ресейден әкелінген декоративті өсімдіктердің тиісті сертификатсыз және зиянкестері бар екенін анықтады. Осылайша мамандар сертификатталмаған өнімді елордаға әкелуге тыйым салды. Сондай-ақ аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып,  жалпы сомасы 40 АЕК көлемінде немесе 285 680 теңгеге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, мемлекеттік инспекторлар батыс гүл трипсімен ластанып, карантинге жатқызылған Нидерландыдан шыққан 660 дана қалампырды анықтады. ӘҚБтК-нің 400-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 72 450 теңге айыппұл салынды, - деді АШМ баспасөз қызметі.