00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Референдум: Азаматтардың 63,87%-і өз таңдауын жасады

Референдум: Азаматтардың 63,87%-і өз таңдауын жасады
Фото: Василий Крась

Орталық сайлау комиссиясы 6 қазандағы республикалық референдумда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz

2024 жылғы 6 қазанда дауыс беру күні Орталық референдум комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОРК мүшелері дауыс берушілердің қатысуы туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 63,87%-і бюллетень алды, - делінген хабарламада.

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

1. Абай облысы бойынша – 69,57%;

2. Ақмола облысы бойынша – 71,63%;

3. Ақтөбе облысы бойынша – 75,11%;

4. Алматы облысы бойынша – 68,71%;

5. Атырау облысы бойынша – 63,28%;

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,03%;

7. Жамбыл облысы бойынша – 61,28%;

8. Жетісу облысы бойынша – 68,01%;

9. Қарағанды облысы бойынша – 72,1%;

10. Қостанай облысы бойынша – 73,45%;

11. Қызылорда облысы бойынша – 82,48%;

12. Маңғыстау облысы бойынша – 54,03%;

13. Павлодар облысы бойынша – 65,09%;

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 66,31%;

15. Түркістан облысы бойынша – 75,31%;

16. Ұлытау облысы бойынша – 70,69%;

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 73,79%;

18. Астана қаласы бойынша – 50,81%;

19. Алматы қаласы бойынша – 25,39%;

20. Шымкент қаласы бойынша – 70,57%.

Учаскелік референдум комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Учаскеде дауыстарды санау уақыты оларды санау басталғаннан кейінгі он екі сағаттан аспауға тиіс.