00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Президент Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады

Президент Түрікменстанның Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады
Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы түрікмен дипломатына ілтипат білдіре отырып, достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында нығайып келе жатқан қазақ-түрікмен қатынастарының қазіргі жай-күйіне оң баға берді.

Біз Түрікменстанды сенімді стратегиялық серіктес және тарихи тұрғыдан туыс мемлекет ретінде қарастырамыз. Шын мәнінде, соңғы жылдары елдеріміз арасындағы ынтымақтастық қарыштап дамып, соның ішінде экономиканың стратегиялық салалары тың қарқын алды, -деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке ізгі тілегін жолдады.