00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер алаяқтық жолмен ақша иемденген 18 жастағы жігітті ұстады

14 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Полицейлер алаяқтық жолмен ақша иемденген 18 жастағы жігітті ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада интернет-алаяқтыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлады  Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Іс-шара аясында полиция қызметкерлері Instagram желісіндегі жалған аккаунт арқылы қала тұрғындарынан алаяқтық жолмен ақша алған 18 жастағы жас жігітті анықтады. Белгілі болғандай, жас жігіт гүл сатамын деген желеумен жалған аккаунттар ашып, жалған есепшоттарға 20-40 мың теңге көлемінде алдын-ала төлем сұраған. Одан кейін ақшаны өзінің банк картасына аударған. Келтірілген жалпы шығын шамамен 300 мың теңгені құрады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның бұрын жасалған осыған ұқсас 16 қылмысқа қатыстылығы анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Астана қаласының полиция департаменті  онлайн-платформалардан тауар сатып алу кезінде қырағы болу керектігін  азаматтардың есіне салады.

«Сатушы берген ақпараттың шынайы екеніне сенімді болмайынша, ешқашан аванстық төлемді жібермеңіз. Сонымен қатар ЖПІШ аясында полицейлер қоғамдық орындарда интернет-алаяқтықтың алдын-алу бойынша материалдар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», - деп жазылған хабарламада.