00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды

Пойыздың тоқтату кранын жұлып алған мас жолаушыға айыппұл салынды
Фото: Polisia.kz

Атырау облысы Кенбай станциясының учаскесінде ер адам пойыздың тоқтату кранын жұлып алды. Салдарынан Атырау-Ақтөбе бағытындағы бағытындағы жолаушылар пойызы кестеден алынып тасталды, деп хабарлады Elorda.info.

Polisia.kz жазуынша, пойыз тұрағы 12 минутты құрады. Тексеру барысында көлік полицейлері Ақтөбе облысының 59 жастағы тұрғынын анықтады. Ол спирттік ішімдік ішіп, масаң күйінде вагон тамбурында тоқтату кранын жұлып алған. Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның «орташа дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сағыз станциясына келгеннен кейін құқық бұзушы акт бойынша пойыздан түсірілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш (34 500тг) мөлшерінде айыппұл салынды, - деді көліктегі полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов.

Жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері 18 774 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам жазаланған. Сондай-ақ тоқтату кранын жұлып алудың 13 фактісі тіркелді.