Павел Дуров Францияда қамауға алынды
25 тамыз, 2024
Салтанат Мұратқызы
Фото-коллаж: Elordainfo.kz
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынды. Оны франциялық арнайы қызмет әуежайда ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz TF1 телеарнасына сілтеме жасап.
Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған. Мақалада оған әртүрлі қылмыс бойынша айып тағылуы мүмкін екені жазылған: терроризм, есірткі, сыбайластық, алаяқтық, заңсыз ақша табу, ұрланған мүлікті алу, балалардың контентінің қылмыстық мазмұны және т.б.
Кәсіпкер қамауға алынып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дуров төрт елдің азаматы: Ресей, Франция, Сент-Китс және Невис федерациясы және БАӘ.
Ұқсас жаңалықтар