Қонаев қаласында екі азамат оқушы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Қонаев қаласында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс жасады деген күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлады Elorda.info.
Қонаев қаласында қызметтік өкілеттілігін пайдалана отырып екі полиция қызметкері 14 жастағы оқушымен жыныстық қатынасқа түскен және оны видеоға түсірген деген ақпарат келіп түсті. (видеоны қызметкерлер өздері таратуда). Бізге жеткен деректерге қарағанда олар полиция қызметкерлері, екеуі де бұрынғы күнмен жұмыстан шығарылған. Қалалық ішкі істер басқармасы бұл жағдайдан хабардар, бірақ үнсіз отыр, -деп жазды «НЕМолчи.кз» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі.
Алматы облыстық полиция департаменті екі адамның қамауға алынғанын растап отыр.
Ағымдағы жылдың 7 қарашасында полицияға Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты екі белгісіз адамның жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы арызданды.Сол күні қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша облыстық полицияда тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2000 және 2001 жылғы күдіктілердің жеке басын анықтап, «ізін суытпай» ұстады, - деп көрсетті облыстық полиция департаменті.
Тергеу нәтижелері бойынша олар қамауға алынды. Жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, қылмыстық істің материалдары сотқа жіберіледі.
ҚР ҚІЖК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.