Олимпиадаға қатысқан алғашқы әйел туралы не білеміз
10 шілде, 2024
Салтанат Мұратқызы
коллаж Еlordaqparat
26 шілдеде Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында алғаш рет ер және әйел спортшылардың саны тең болады, деп хабарлады Elorda.info Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Осыдан 124 жыл бұрын әйелдерге Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берілген еді.1900 жылы Парижде өткен бәсекеде алғаш рет әйел адам Олимпиадаға қатысты. 5 айға жалғасқан жарыста швейцариялық Элен де Пуртале желкенді спорттан командалық сайыста бақ сынап, күйеуімен бірге чемпион болған еді. Сол жылы әйелдер арасында тек үлкен теннис пен гольфтан ғана жүлде сарапқа салынған.
Ал биыл өтетін Париж Олимпиадасындағы ерлер мен әйелдердің үлесі алғаш рет 50/50% болады.
Ұқсас жаңалықтар