Нотариустың атқарушылық жазба беру рәсімі цифрландырылады

18 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Нотариустың атқарушылық жазба беру рәсімі цифрландырылады
Фото: ortcom_kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz. 

Бұрын бұл процесс тек қағаз түрінде жүзеге асырылып келген және бұл бірқатар проблемалар тудырған еді. Осыған орай, барлық іс-әрекеттердің ашықтығын, бекітілуін және тараптардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін нотариаттық жазбаларды орындаудың цифрлық тетігі әзірленіп, енгізілді.

«Жеке кабинет құрылды, ол арқылы борышкердің хабарлама және қарсылық жолдамасын алу мүмкіндігі бар. Негізделген қарсылықтар болған кезде нотариус атқарушылық жазбаның күшін жоюға міндетті», - деді әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Жобаны іске асыру нәтижесінде 9500 атқарушы жазба жойылды, бұл азаматтардың құқықтарын қалпына келтірудегі және теріс пайдалануды жоюдағы маңызды қадам болды.