«Мен жеп көрген ең дәмді тағам»: кавказдық блогер ет асып, жұртты сүйсінтті

«Мен жеп көрген ең дәмді тағам»: кавказдық блогер ет асып, жұртты сүйсінтті
Фото: видеодан скриншот

Кавказдық блогер бешбармақ әзірлеген видеосын өзінің Youtube арнасына жүктеді, деп хабарлады Elordainfo.kz George Kavkaz-ға сілтеме жасап.

Видеодан блогердың достарымен бірге жылқы сойып, етін жіліктеп, қазанға салып қайнатады.

Кейін олар сорпаның көбігі мен артық майын алып, қазыны салады. Біраздан соң блогер мен оның достары етті қазаннан алып турайды және бешбармақ нанын отқа қайнатады.

Отта қайнап жатқан қазаннан етті табаққа түсіріп қазақша етті дастарханға қояды. Ағаштан жасалған тостағанға сорпа құйып, ет жеп отырғандарын көруге болады.

Өз кезегінде блогердің оқырмандары да видеоға жылы лебіздерін білдірді.

Олардың арасында кавказдлықтар мен қазақстандықтар да бар.

«Ет етке, сорпа бетке. Ас болсын», «Бешбармақ – өте дәмді тағам», «Қазақстаннан сәлем», «Алға Қазақстан», «Қазақ ас үйі ұнайды», «Біз, шешендер бұл тағамды әзірлеуді қазақтардан үйрендік және бұл бізге ұнайды. Қазақ бауырларына Шешенстаннан сәлем», «Видеоны көріп, тәбетім ашылып кетті. Жарайсыздар, дала халқының тағамын жеңіздер. Ас болсын. Қазақстанның Орал қаласы сіздермен бірге», «Қазақстан – өте қонақжай халық. Қазақстанға Ресейден сәлем», - деп жазды оқырмандар.