Елімізде жәрдемақыны жасанды интеллект тағайындайды - министрлік

Бүгін, 09:12
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
views51
Елімізде жәрдемақыны жасанды интеллект тағайындайды - министрлік
Фото: Оңалхан Өнерхан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі АӘК алуға құқығы бар адамдарды жасанды интеллект көмегімен анықтамақ, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Қазір біз жасанды интеллектіні Random Forest Classifier моделінің көмегімен «оқытып» жатырмыз. Бұл – тағайындау кезінде шешім қабылдауға әсер ететін көптеген факторларды біріктіру арқылы неғұрлым дәл және тұрақты нәтижелер алуға мүмкіндік беретін ең тиімді машиналық оқыту алгоритмдерінің бірі. Осылайша, АӘК алуға құқығы бар адамдар автоматты түрде анықталады», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.