2025 жылғы 7 қараша сағат 08:00-де бұған дейін жабылған мына республикалық маңызы бар автожолдардағы көлік қозғалысы қайта жанданды, деп Elordainfo.kz хабарлайды.
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шек.» автожолының 16-200-шақырым, (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).
• «Астана – Ерейментау - Шідерті» автожолының 200-254-шақырым, (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Компания қазақстандықтарға «112» құтқару қызметінен ауа райының нашарлағаны жөнінде SMS-хабарлама алған кезде бұған назар аударуды және елді мекендерден ұзақ сапарға шықпауды ескертті.
2025 жылғы 7 қарашада Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.