«Қазгидромет» РМК 7 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжамынша, бүгін Астанада қар жауып, бұрқасын болады.
Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с.
Ауа температурасы түнде 2–4 градус суық, күндіз –1+1 градус.