07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әуежайы 12 млн жолаушыға қызмет көрсетеді

|
Photo: Үкіметтің баспасөз қызметі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астана әуежайы 12 млн жолаушыға қызмет көрсетеді

|
Photo: Үкіметтің баспасөз қызметі

Олжас Бектенов авиациялық хаб құру жөніндегі Президент тапсырмалары аясында Астана әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі міндеттері шеңберінде Астана қаласының халықаралық әуежайын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Жиын барысында Премьер-министрге Астана әуежайының ұшу-қону жолағын жоспарлы жөндеу мерзімінің аяқталғаны туралы баяндалды. Жүргізілген жұмыстар инфрақұрылымның сенімділігі мен ұшу қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек әуе айлағының материалдық-техникалық базасын одан әрі реконструкциялау және нығайту жоспарлары туралы хабардар етті.

Жобада жаңа ұшу-қону жолағын салу, перрондар мен терминалдарды жөндеу, техникалық құралдарды жаңарту сынды тағы да басқа жұмыстар қарастырылған. Одан бөлек, логистикалық кешендер, қоймалар, қонақүйлер, кеңселер және әкімшілік ғимараттарды қоса алғанда инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда әуежай жылына 9 млн-ға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді. Жобаны жүзеге асыру таяудағы бірнеше жылда бұл көрсеткішті орта есеппен 12 млн жолаушыға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Жиын барысында қатысушылар әуежайды одан әрі дамыту үшін инвесторлар тарту мәселесін талқылады. Ірі халықаралық корпорациялар тарапынан қызығушылық бары атап өтілді.

Кеңес қорытындысында Премьер-министр Көлік министрлігі мен Астана қаласының әкімдігіне елорданың авиациялық әлеуетін дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асыру мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗