07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Келесі жылдан бастап «Алматының жас жазушысы» жобасы республикалық деңгейде өткізіледі

|
Photo: freepik.com
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Келесі жылдан бастап «Алматының жас жазушысы» жобасы республикалық деңгейде өткізіледі

|
Photo: freepik.com

Бұған дейін оңтүстік астанада Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жүзеге асқан «Алматының жас жазушысы» жобасы 2026 жылдан бастап «Қазақстанның жас жазушысы» атауымен республика көлемінде өткізіледі. Бұл туралы Жазушылар одағы басқармасының мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәлімдемеде, сондай-ақ, жас жазушыларды қолдау бойынша басқа да шараларға шолу жасалған.  

«Қазақ әдебиетінің болашағы – жас буында екені даусыз. Сол себепті Қазақстан Жазушылар одағы жас таланттарды қолдау мен әдеби үдерісті жаңа бағытта дамытуға баса назар аударып келеді. Атап айтқанда, «Қазақстан Жазушылар одағы мүшелігіне үміткер» жобасы жалғасып, 20 жасқа дейінгі жастарды ынталандыру мақсатында түрлі шығармашылық байқаулар, шеберлік дәрістері мен әдеби кештер тұрақты түрде ұйымдастырылуда», – делінген Жазушылар одағының мәлімдемесінде. 

Одақ басқармасы балалар әдебиетін дамыту, жас буынның рухани өсуін, оларды ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулу мақсатында халықаралық «Ертөстік» балалар әдеби сыйлығы тағайындалғанын да атап өтті. Бұл жоба енді тұрақты түрде іске асады. 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗