Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды
7 қараша, 2025
polisia.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алматы – Ташкент автожолының 219-шақырымында патрульдік полиция жасағы бағдар бойынша іздеуде жүрген көлікке ұқсайтын Audi автокөлігін тоқтатты.
«Тексеру барысында көліктің артқы орындығында отырған 44 жастағы ер адамның көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тарапынан бірнеше рет, соның ішінде аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша іздеуде жүргені анықталды», - делінген хабарламада.
Күдікті заң талаптарына сәйкес ұсталып, Қордай аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Кейіннен ол Қырғыз Республикасы милициясының өкілдеріне ресми тәртіппен тапсырылды, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
13 қыркүйек, 2026
Астанада салынып жатқан бес қабатты үйден өрт шықты
12 қыркүйек, 2026
Астанада 15-қабаттан секірген әйел арбадағы жатқан баланың үстіне түсті
10 қыркүйек, 2026
Астаналық құтқарушылар газ баллондарының жарылуына жол бермеді – ВИДЕО
8 қыркүйек, 2026
Ақмола облысында аң аулау кезінде 64 жастағы ер адам қаза тапты