07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық ұстаздар ЖИ құралдарын қолдануды үйреніп жатыр

|
Photo: Elordainfo.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордалық ұстаздар ЖИ құралдарын қолдануды үйреніп жатыр

|
Photo: Elordainfo.kz

Астанада «Жасанды интеллектіні білім саласында енгізудің тиімді жолдары» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс. Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады» деп атап айтқан болатын.
Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов мұғалімдерге арналған Daryn.ai платформасының іске қосылатынын айтты. Сол жобаны бастап кеттік. Осы бағытта маңызды мәселелер бүгінгі семинарда қатысушылармен талқыланды”, - деді Астана қаласы Әдістемелік орталығы басшысы орынбасары Жангелді Әміргалиев.

Жобаның басты мақсаты – мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдануға үйрету, олардың жұмыс жүктемесін азайтып, оқыту сапасын арттыру. Бағдарлама цифрландыру және білім берудегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бағытындағы нақты қадам болып отыр.

“Жоба арқылы мұғалімдерге ЖИ-ді дұрыс қолдануды үйретуді мақсат тұтып отырмыз. Кез келген адам аптасына 40 сағат жұмыс істейді. Ал мұғалімдер соның 20 сағатында сабақ береді, қалған уақытта дәптер тексереді, сабаққа дайындалады, есеп-қисапқпен жұмыс істейді. Негізі ЖИ арқылы оны 10 сағатқа дейін қысқартуға болады. Сол уақытты мұғалім шығармашылық дамуға арнай алады. Біз жоба арқылы соған мүмкіндік жасаймыз. Олар курстан өткен соң үйренгендерін тәжірибеде қолдану жағын көрсетеді. Солардың ішінен 400 мұғалім Астанада ALEM.AI педагогикалық хакатонға қатысады. Бұл кезеңде ұстаздар «Мектепке арналған ЖИ шешімі» тақырыбында өз жобаларын қорғайды. Ең үздік 20 мұғалім Оңтүстік Кореяда өтетін халықаралық тағылымдамаға жолдама алады. Хакатон жеңімпаздары 2026 жылдың маусым айында Оңтүстік Кореяда өтетін 7 күндік тағылымдамаға қатысады, - деді Daryn.online компаниясының құрушысы Айбек Қуатбаев.

Жоба білім беру саласында ЖИ технологияларын енгізудің үздік халықаралық тәжірибесін зерделеп, оны қазақстандық мектептерге бейімдеуді мақсат тұтып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗