Мемлекеттік қызмет көрсетуде құқығыңыз бұзылса қайда хабарласу қажет

Мемлекеттік қызмет көрсетуде құқығыңыз бұзылса қайда хабарласу қажет
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті елорда аумағында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуін мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз етіп отырған мекеме екендігі белгілі.

Департамент құзыретіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үнемі назарда ұстайды. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің, тиісті заңнаманың бұзылуын алдын алу мақсатында қала аумағындағы мемлекеттік органдарға әдістемелік тәжірибелік көмек көрсете отырып, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда нұсқама беріледі және қайта болдырмау мақсатында ұсыныстар жолдайды.

Осылайша, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау шеңберінде департаментпен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарында жоспарлы және жоспардан тыс тексеру іс шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ департамент азаматтардан түскен барлық арыз-шағымдарын қарастырып, оның ішінде егерде шағым негізді болса, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша да жұмыстарды әрдайым жүргізіп отырады.

Мәселен, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты осы жылдың 1-тоқсанында департаментке жеке және заңды тұлғалардан 60-тан астам шағым келіп түсті. Олардың ішіндегі негізді барлық өтініштер қанағаттандырылып, нәтижесінде 11 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді. Осы орайда, өз қызметін тиісті дәрежеде атқармаған 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып, рұқсат құжаттарын беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін 7 әкімшілік хаттама толтырылды, 235 920 тг мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Оған қоса, «ИС INDIGO электрондық балабақша» ақпараттық жүйесінде мониторинг жүргізілді, нәтижесінде 135 азаматтың құқығы қорғалып, қалпына келтірілді, яғни 135 мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына жіберу үшін кезектіліктері қалпына келтірді.

Мемлекет пен қоғам арасындағы қарым қатынасты күшейту мақсатында департамент жанында құрылған Ведомствоаралық жұмыс тобы отырыстары өткізілді, онда қоғам өкілдерімен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және анықталған кемшіліктердің жою бойынша тиісті мекемелер мен ұйымдарға ұсыныс берілді.

Сонымен қатар департамент бақылау функцияларынан басқа мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында тұрақты түрде ақпараттық түсіндірме іс-шараларын ұйымдастырып келеді. Мәселен, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру мақсатында «Қызмет алушылар күні», мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге арналған «Қызмет беруші мектебі» жобасы, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің азаматтарға сапалы қызмет көрсетуін жетілдіру мақсатында «Ең алдымен адамдар» бағдарламасы бойынша оқытулар өткізіледі.

Департамент мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының сақталуын алдағы уақытта да жіті бақылауда ұстайтын болады. Егер де мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылса, департаментке жазбаша немесе «электронды үкімет» веб-порталы немесе E-otinish платформасы арқылы электронды түрде, сондай-ақ EgovKzBot 2.0 телеграм-бот «Уәкілетті органға өтініш» батырмасы арқылы жүгіне алатыныңызды еске саламыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Астана қаласы бойынша

департаментінің басшысы

Е.Жолданғар