«Меккеге ұшақ бос бармайды, бірақ көршіге кірмейміз»: Нұрлан имам ұлтқа қызмет етуді бірінші орынға қоюға шақырды

5 наурыз, 2025
Гүлден Мәдениет Гүлден Мәдениет
«Меккеге ұшақ бос бармайды, бірақ көршіге кірмейміз»: Нұрлан имам ұлтқа қызмет етуді бірінші орынға қоюға шақырды
tiktok.com/@qazaqimam

Әлеуметтік желіде Нұрлан имам деп танылған Нұрлан Байжігітұлы оқырмандарының сауалына жауап бере отырып, адами қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elorda.info.kz.

Ол имандылық пен адамгершілікт қатар ұстап, ұлтқа қызмет етуді бірінші орынға қоюға шақырды. 

Мысалы, үйіміз қабат-қабат, бірақ оның ішінде өмір сүретін адамдар аз, медицина дамып жатыр дейміз, бірақ аурудың да түр-түрі шығып жатыр. Меккеге ұшақ бос бармайды, бірақ көршіге кірмейміз. Меккедегі арабтың жағдайын білеміз, бірақ көрші тұрған ағайынның жағдайын білмейміз. Байлық көп, жүректің тыныштығы жоқ. Ақыл айтқыштар көп, бірақ парасаттылыққа тәрбиелейтін ілім жоқ. Араласатын адам көп, бірақ шынайы, сырласатын дос жоқ. сағаттың түр-түрі шығып жатыр, бірақ бір-бірімізге уақытымыз жоқ. Киген киіміміз алтын, бірақ жүрегіміз тас. Көп нәрсе бар, бірақ пейіліміз тар, - деді Нұрлан имам.  Имам имандылық пен адамгершілікт қатар ұстап, ұлтқа қызмет етуге, балаға алдымен ата-ана өзі үлгі болуға шақырды.