00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

ҚМА мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтірген азаматқа іздеу жариялады

16 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
ҚМА мемлекетке 1,5 млрд теңге залал келтірген азаматқа іздеу жариялады
Фото: Elordainfo.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысы, Алға қаласының азаматы Омаров Руслан Уланұлына іздеу жариялады. Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2011 -2013 жылдары Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры болған уақытта контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.

Іздестіріліп жатқан тұлға туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтар төмендегі нөмірлерге хабарласа алады.

+7-701-770-08-65 , +7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім.

 Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі.