00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

31 желтоқсан, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Мәжіліс төрағасы қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады
Фото: parlam.kz

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – жанға жылу, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлайтын шуақты мереке. Өткенімізді саралайтын, болашағымызды бағдарлайтын әсерлі сәт. Сондықтан да әрбір адам оны үкілі үмітпен, ізгі тілекпен қарсы алады. Келер жылға айқын мақсат белгілеп, арнайы жоспар құрады.

Бірқатар қиындыққа қарамастан, өтіп бара жатқан жыл елімізге жайлы, берекелі болды. Елдігімізді нығайтатын, экономикамызды күшейтетін тиімді өзгерістерге, ауқымды бастамаларға жол ашты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстан құру бағытындағы реформалары табысты жалғасын тауып, ұлтымызды ұйыстыра түсті. Халқымыз ортақ мақсат жолында жұмылып, болашақта энергетикалық тәуелсіздігімізді қамтамасыз ететін тарихи таңдауын жасады.

Осы жылы Парламент Мәжілісі қабылдаған маңызды заңдар Президент бастамаларына тірек болып, қоғам сұранысын қамтығаны анық.

Келер жыл – Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы. Осы ретте, бірлігі бекем, ынтымағы жарасқан халқымыз адал еңбектің көрігін қыздырып, ел ырысын еселей береді деп сенемін.

Ендеше, 2025 жыл молшылығы мен несібесін ала келсін!

Әр шаңыраққа шаттық ұялап, құт-берекесі арта берсін!

Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!» - делінген құттықтауда.