36 мың адам құмар ойыннан бас тартуға EGOV арқылы онлайн өтініш берді
23 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
фото: egov.kz
Құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден бас тарту қызметін сервис іске қосылған алғашқы айда 40 мыңнан астам азамат пайдаланған. Олардың 36 765 адам EGOV mobile порталы арқылы онлайн, ал 3398 адам қағаз түрінде өтініш жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Өтінішті өзін құмар ойындар мен бәс тігуден шектегісі келетін адам дербес ЭЦҚ пайдалана отырып, өтініш беруі тиіс. Үшінші тұлғалар тарапынан өтініш бере алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған цифрлы қызметпен қатар ел азаматтары мен резиденттері құмар ойындарға қатысудан және бәс тігуден өзін шектеу үшін ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша өтініш (қағаз түрінде) бере алады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді
Бүгін, 13:12
Астанада XVII «Жан шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Бүгін, 12:31
«ҚТЖ»-ға жұмысқа орналастыру үшін 1,5 млн теңге пара алған