00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық әскери-патриоттық орталықта үздік мамандар марапатталды

29 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Ұлттық әскери-патриоттық орталықта үздік мамандар марапатталды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Биыл бірінші желтоқсанда елордадағы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына тоғыз жыл толады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Осы орайда есептік шараны орталықтың бастығы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов ашты. Ол орталық тоғыз жыл ішінде жақсы жетістіктерге жеткенін атап өтті. 

Осы уақыт ішінде орталықтың мәдени-демалыс алаңында әскерге шығарып салу салтанаттары, әскери ант қабылдау рәсімдері, әскери қызметшілерге құрмет көрсету, ерлік сабақтары, жиындар, көрмелер, акциялар және басқа да көптеген іс-шара өткізілді. 

«Биыл барлық ірі гарнизондарда толыққанды оркестрі, ансамблі бар, сондай-ақ әскери қызметшілердің балаларымен әскери-патриоттық жұмысты ұйымдастыратын филиалдар пайда болды. Алда Ақтөбе және Ақтау қалаларында филиалдар ашу жоспарда бар. Елордалық орталық базасында алғаш рет шығармашылық взвод құрылды. Енді дәл осындай бөлімшелер басқа гарнизондарда да пайда болмақ», – деді ол. 

Арман Әсенов патриоттық сана мен армия ортасында ынтымақты қалыптастырудағы мәдениеттің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда, оның пікірінше, орталық пен оның филиалдары мамандарының кәсіби біліктілігі шешуші рөл атқарады. 

Кездесу барысында орталық филиалдарының өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Содан кейін мекеменің үздік мамандарын марапаттау рәсімі өтті. 

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагері» медалін үшінші сыныпты сержант Гүлбахыт Сердалина, армия генералы С.Нұрмағамбетовке 100 жыл төсбелгісін – орталық бастығының орынбасары – Жауынгерлік Даңқ музейі әскери-тарихи құндылықтар бөлімінің басшысы Алуа Байқадамова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері «Сағадат» әнінің авторы Нұрлан Нұртазин және Қарулы күштердің ардагері Айрат Нафиков иеленді. 

Сонымен қатар, әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға қосқан үлесі, жоғары орындаушылық шеберлігі және мәдени-бұқаралық іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін бірқатар әскери қызметшілер мен Қарулы күштердің қызметкерлері Қорғаныс министрінің атынан сағаттармен, орталық басшылығының атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 

Іс-шара соңы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік филармония дайындаған мерекелік концертпен аяқталды.