00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Әлібек Қуантыров: Жапония – Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлібек Қуантыров: Жапония – Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі
Фото: ҰЭМ

Бүгін елордада Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джун Ямадамен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қос тарап экономикалық ынтымақтастықты, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, өндіріс пен энергия үнемдейтін технологияларды бірлесіп дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, кездесу барысында білім беру және туризмді дамыту туралы сөз қозғалды.

Жапония – Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі. Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы жыл сайын оң динамика көрсетіп келеді, - деді Ә.Қуантыров.

2022 жылы екі ел арасындағы сауда көлемі $1,9 млрд. құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,3%-ға жоғары.

 Өз кезегінде, Джун Ямада Жапонияның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Жапония мен Қазақстан географиялық жағынан алшақ орналасқанына қарамастан, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы ұзақ мерзімді және өзара тиімді сипатқа ие, - деді жапон дипломаты.