00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлеуметтік инспекторлар биыл 2 мыңнан астам тексеру жүргізді

Әлеуметтік инспекторлар биыл 2 мыңнан астам тексеру жүргізді
Фото: gov.kz

Жыл басынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2 126 тексеру жүргізді. Оның 528-і профилактикалық бақылау шеңберінде, 511-і жоспардан тыс, 1 087-сі прокуратураның талабы бойынша, деп хабарлады Elordainfo.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 159, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 98, мемлекеттік мекемелер – 67, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 74, оңалту орталықтары – 6, ауруханалар, емханалар – 85, стомалогиялар – 3, санаторийлер – 4, балабақшалар – 407, мектептер – 927, колледждер, лицейлер – 72, дүкендер – 18, сауда үйлері – 26, банк филиалдары – 6, «Қазпошта» АҚ филиалдары – 7, полиция бөлімшелері – 9, мәдениет үйлері – 15, мұрағаттар, мұражайлар – 13, кафелер, мейрамханалар, қонақүйлер – 16, нотариустар – 2, автобус парктері, авто және теміржол вокзалдары, әуежайлар – 8, ЖК – 46, кітапханалар – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 13 және басқалар қамтылды.

Өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.

Мәселен, мүгедектігі бар азамат Ерген Бекарыстановтың айтуынша, Орал қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайды жақсарту мәселелерінде оң динамика байқалады.

«Күн сайын қала бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жасалуда. Киров саябағында тротуардың бойында көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді бағыттағыштар орнатылды, қала бойынша банктерге, супермаркеттерге, кафелерге кіру мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындары, пандустар мен кіру топтары стандарттарға сәйкес келеді, жалпы қала бойынша инфрақұрылым объектілерін қолжетімділік нормаларына сәйкес келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұған мен өте қуаныштымын», – деп өз пікірімен бөлісті Ерген Бекарыстанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.