Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
4 маусым, 2024
Торғын Аман
Оңалхан Оңерхан
Қызылордада мұғалім өз әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға қалаға қарасты Қызылжарма елді мекенінде болған, деп хабарлады Elorda.info «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.
Екінші маусымға қараған түні екі азамат ерегісіп, арты төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған. Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды. Белгілісі екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:40
Павлодар облысында полицияға жалған ақпарат берген әйел айыппұл арқалады
Бүгін, 11:41
Антикор пойыз жолаушыларын тасымалдаушыларға қатысты шағымдарды қарады
Бүгін, 10:19
Түркістан облысында жоғалып кеткен балықшылар аман табылды
24 қараша, 2024
ТЖМ құтқарушылары елордада және оған іргелес елді мекендерде рейд өткізді