00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су қоймаларына жиналған тасқын суы көлдер мен шабындықтарға жіберілді

Су қоймаларына жиналған тасқын суы көлдер мен шабындықтарға жіберілді
Оңалхан Оңерхан

Су ресурстары және ирригация министрлігі биылғы су тасқыны кезінде көлдерге, лимандарға және суармалы шабындықтарға 12,4 миллиард текше метр су жіберді, деп хабарлады Elorda.info.

Атап айтқанда, лимандарға 1,2 млрд текше метр, көлдерге – 4,5 млрд текше метр, өзен сағасындағы суармалы шабындықтарға – 6,7 млрд текше метр су жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде еліміздің су қоймаларына 12 млрд текше метрден астам су жиналды – бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жиналған тасқын суы экономика қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Жиналған су негізінен ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдаланылады. Сондай-ақ, тасқын суын лимандар мен шабындықтарға бағыттау мал шаруашылығын қажетті жем-шөп қорымен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Тасқын судың бір бөлігі су қоймаларына жіберілді. Биыл қоймаларға жиналған судың жалпы көлемі 75 млрд текше метр, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15 млрд текше метрге артық», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.