00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады

Қазақстанда мал және өсімдік шаруашылығының генетикалық орталығы құрылады
Фото: primeminister.kz

Мемлекет пен бизнес Қазақстанда құнды асыл тұқымды мал мен мал азықтық дақылдарды өсіру үшін күш біріктірмек. Үкіметте өткен кездесу барысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қолдауымен «Zhersu» корпорациясының селекциялық мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстарын тыңдады, деп хабарлады Elorda.info

Вице-премьер маусым айының бірінші жартысында Жетісу өңіріне сапарының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық селекциясы бойынша жеке кәсіпкерліктің жинақталған тәжірибесін ел аумағында таратудың ықтимал нұсқаларын әзірлеуді тапсырған.

Кездесуде «Zhersu» және ҚазҰҒЗИ өкілдері мал шаруашылығы мен жемшөп өндіруге арналған генетикалық орталықтың жобасын таныстырды, оның қызметі негізгі үш бағытты қамтиды.

Орталықта ғылыми сүйемелдеу бағытындағы жұмыс шеңберінде асыл тұқымды малдардың селекциясы мен есебін қолданыстағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында цифрландыру, жемшөп, сүт, ет сапасын талдау, ДНҚ-талдау жүргізу және жемшөп дақылдары тұқымдарының сапасын бағалау бойынша аккредиттелген бес зертханасы бар генетикалық орталық құру жоспарлануда. 

Сондай-ақ жоба шеңберінде табиғи жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру технологиясын әзірлеу және енгізу, кейіннен республиканың оңтүстік-шығысында құнарлы жайылымдар жүйесін қалыптастыру және жемшөп дақылдарының тұқым шаруашылығының заманауи базасын құру жоспарлануда.

Серік Жұманғарин Қазақстанда асыл тұқымды мал мен жемшөп дақылдарының селекциясын дамыту бойынша ұсынылған тәсілдерге қолдау білдірді. Енді ұсыныстар барлық қажетті ұйымдастырушылық мәселелер мен іске асыру мерзімдері, сондай-ақ бюджеттік өтінім бойынша егжей-тегжейлі қарастырылатын болады.