00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Гиннесс кітабының рекордсмені Сергей Цырульников ауылға қатысты кезекті жобасын бастады

1 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Гиннесс кітабының рекордсмені Сергей Цырульников ауылға қатысты кезекті жобасын бастады
коллаж Elorda.info

Гиннесс кітабының рекордсмені, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ресми амбассадоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «100 ауыл» әлеуметтік жобасының авторы Сергей Цырульников «Зияткерлік сынып - конструктор» атты жаңадан республикалық пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.

 

 

Елімізде күштік спортты дамытушы, атақты Қажымұқан, Балуан Шолақтың ізін жалғастырушы Сергей Цырульников еліміздегі ауылды дамыту, бос уақытты тиімді өткізу мақсатында 1 маусым күні Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылында арнайы спорттық кабинетті ашты.

 

Айтулы шараның ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжіғалиев, ММА спортынан 5 дүркін әлем чемпионы Айдар Махметов, самбодан спорт шебері Арман Сүлеймен, Астана қаласының мәслихат депутаты Жандос Рахмет, «Satty Zhuldyz» ұлттық лоторея компаниясының вице президенті Мария Лыткина, Астана қаласы балалар хоккейі федерациясының президенті Рустам Ибраев, Қазақстан спорт одағының төрағасы Азамат Қарлығашев т.б сынды сыйлы қонақтар қатысты.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Балалар мен жастардың денсаулығын нығайту үшін дамыған және қолжетімді спорттық инфрақұрылымның болуы аса маңызды – деп, атап өткен. Бүгін балалар күніне орай, интеллектуалды түрде даму үшін арнайы спорттық кабинетті аштым. Бұл кабинетте тоғызқұмалақ, шахмат, инклюзивті балаларға арналған ойындар т.б қамтамасыз етілген. Бұл жобаны жүзеге асырған сәтте шахматты үйрететін қазақ тілді оқыту құралын табу аса қиынға соқты. Тек орыс тілінде ғана қолжетімді. Сондай-ақ тоғызқұмалақтың ағаш тақтайдан жасалған нұсқасы Алматы қаласында ғана бар екеніне көз жеткіздім. Жалпы осындай жоба арқылы 400 оқушы, демалыс күндері ауыл тұрғындарына интеллектуалды ойындарды қолжетімді қылсам деген мақсатым бар. Әзірге бұл бастамам Ақмол ауылында алғашқы болып ашылды. Болашақта Қазақстанның 17 облысындағы ауылдарда да ашылса деген ниетім бар. Себебі, ауыл балалары – өте талантты. Олардың мықты, жан-жақты болып өскені еліміздің беріктігін нығайтуға да әсер ететіндігі сөзсіз. Бұл мемлекеттік жоба емес. Меценаттардың, «Satty Zhuldyz» ұлттық лотерея компаниясының көмегімен жүзеге асып жатқан игі бастама» - деп, Сергей Цырульников өзінің ниетін білдірді.

14 мыңға жуық тұрғыны бар Ақмол ауылы үшін бұл ерекше қуаныш екені белгілі. Бұл жайында ауылдың кішкентай тұрғындары өз ойларын жасырмады: 

Біз үшін бүгін айтулы күн. Себебі, интернетте, теледидардан көретін танымал спорт жұлдыздарымызды өз көзімізбен көрдік. Олармен естелік суреттерге түстік. Алдағы жазғы демалысымызды да тиімді өткізетін болдық. 

 

Айта кетейік, бұған дейін Сергей Цырульников «100 ауыл» жобасы аясында шалғай ауылдарға спорттық жабдықтарды сыйға тартқан еді.