00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Этносаралық бірлікті нығайтуға арналған жұмыстарға сыйлық тағайындалды

8 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Этносаралық бірлікті нығайтуға арналған жұмыстарға сыйлық тағайындалды
ашық дереккөз

Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстарды анықтау үшін сыйлыққа өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Сыйлықтың мақсаты – жазушылар мен журналистердің қоғам мен мемлекет алдындағы сіңірген еңбегін, мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан ерекше құнды үлесін тану.

Сыйлыққа автор немесе авторлар ұжымы, шығармашылық ұжымдар қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Мәдениет және ақпарат министрлігі төмендегі номинациялар бойынша:

- «Интернет жоба»;

- «Телеарналардағы жоба»;

- «Баспа БАҚ-тағы мақала»;

- «Радио жоба».

Туризм және спорт министрлігі төмендегі номинациялар бойынша құжаттарды қабылдайды:

- «Проза»;

- «Поэзия»;

- «Драматургия»;

- «Балалар әдебиеті».

Жұмыстарды әдебиет және журналистика саласының еңбек сіңірген қайраткерлері мен сарапшыларынан тұратын қазылар алқасы бағалайтын болады.

Сыйлық қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыс сыйлығының лауреаты» атағы беріліп, диплом және ақшалай сыйақы табыс етіледі.

Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бойынша әдебиет және журналистика саласындағы үздік жұмыстары үшін сыйлық беру қағидалары (pdf)

Қосымша сұрақтар бойынша: + 7 (7172) 74 05 35, 74-04-11, 74-04-07, 74-04-08, 74-03-84.