00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ескі үлгідегі 5 мың теңгеліктер бір жылда айналымнан алынады

24 қазан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ескі үлгідегі 5 мың теңгеліктер бір жылда айналымнан алынады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан Ұлттық банкінің Орталық филиалы (Астана қаласы) 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы үлгідегі жаңа дизайнның номиналды құны 5 000 теңге қолма-қол ақша айналымында айналымда жүргенін еске салады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ескі үлгідегі банкноттар бір жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынатын болады. Тиісінше, банкноттар айналымда қатар жүрген уақытта халыққа ескі үлгідегі банкноттарды екінші деңгейдегі банктердегі немесе Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдарындағы жаңа банкноттарға дербес айырбастаудың қажеті жоқ. Қатар айналым кезеңі аяқталғаннан кейін барлық екінші деңгейдегі банктер мен «Қазпошта» АҚ ескі үлгідегі банкноттарды 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноттарға, ал Қазақстан Ұлттық банкінің филиалдары мерзімсіз айырбастайтын болады.

«2023 жылғы жаңа үлгідегі және 2011 жылғы ескі үлгідегі банкноттар айналымда қатар жүретін кезең ішінде заңды төлем құралы болып табылатынын, төлемдер мен аударымдардың барлық түрін жүзеге асыру, банк шоттарына есепке жатқызу үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың атаулы құны бойынша қабылдауға міндетті екенін атап өтеміз» , - делінген Ұлттық банк хабарламасында.