Елордада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік елден шығарылды
10 қазан, 2024


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат елден шығарылды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік 33 жастағы азаматты анықтады. Ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрант ҚР шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді. Полицейлер шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

16 шілде, 2025
Краннан су ішу үшін бірнеше минут ағызу қажет пе

16 шілде, 2025
Биыл тәртіпке бағынбаған 400-ге жуық жолаушы пойыздан түсірілді

16 шілде, 2025
Балқашқа төрт және бес жұлдызды қонақүй салатын инвесторлар шақырылып жатыр

16 шілде, 2025
Абай облысында республикалық маңызы бар автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр