Еліміздің үш облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды


Еріген қар суларының салдарынан Қазақстанның үш облысында үш республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.
«2025 жылғы 22 наурыз сағат таңғы сегіздегі жағдай бойынша еріген қар суларының салдарынан үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды», - делінген «ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Шектеу қойылған жолдар:
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырым аралығы.
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Барлық учаскеде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 105 арнайы техника мен 158 маман жұмылдырылды.