00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын болады

15 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын болады
Фото: ашық дереккөз

Синоптиктер ел аумағында 15 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Осыған байланысты жауын-шашын болады, елдің шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел тұрады. Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі, - делінген хабарламада.

Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.