00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Оңалхан Өнерхан

«Қазгидромет» еліміздің өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz

Астанада 23 желтоқсанда кей уақытта жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.

23 желтоқсанда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.

23 желтоқсанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.

23 желтоқсанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында кей уақытта екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Алматыда 23 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

Қонаевта 23 желтоқсанда шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

23 желтоқсанда күндіз Батыс Қазақстан облыстың батысында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

23 желтоқсанда күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

23 желтоқсанда Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

Павлодарда 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

23 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

Шымкентте 23 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

23 желтоқсанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Сондай-ақ Абай облысының шығысы мен оңтүстігінде де тұман түседі.

Ал Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

23 желтоқсанда Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

23 желтоқсанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.