Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
9 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9-11 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар мен жаңбыр жауады.
Оңтүстікте 9 қарашада, батыста 10 қарашада, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада республиканың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, – делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.
Аптаның соңына қарай түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.
Ұқсас жаңалықтар