00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздегі мектептерде ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды

25 маусым, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Еліміздегі мектептерде ата-аналарды қолдау орталықтары ашылды
Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігі «Саламатты мектеп» жобасын жүзеге асырды. Бұл жоба еліміздің 2 мыңнан астам мектебінде қолға алынып отыр. Ол әрбір білім алушының жеке гигиенасын сақтауға байланысты сауаттылығын арттыруға бағытталған. Сондай-ақ Қазақстанда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» іске асып жатыр.

М.Медетбекованың айтуынша, бұл бағдарлама ата-аналар, балалар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін жүргізілуде. 

«Осы бағдарламаның аясында ата-аналарды қолдау орталықтары барлық 7 жарым мың мектептің жанынан ашылды. Бұл орталықтың мақсаты не? Қандай да бір ата-анаға өзіндік бір педагогикалық, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету мақсатында ашылған. Және де педагогтер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты барынша нығайту», – деді ол. 

Жоба бір жыл бұрын іске қосылды. Осы уақытта ол жақсы нәтиже көрсетті. Бұл орталықтарда даналық мектебі, жеңгелер мектебі, аналар мен әкелер мектебі жұмыс істеп жатыр.