00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді

Елімізде «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді
фото: turanews.kz

3-4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында «Жер-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлады Elorda.info ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, шартты түрде жойқын сілкініс кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау арқылы өткізіледі. 

«Жер-2024» өткізу барысында авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен тұрғындарды шұғыл қабылдау пункттері, оларды қабылдау мен көмек көрсетуге арналған палаткалық лагерлер және далалық медициналық госпиталь көрсетілетін болады.