Елімізде тағы екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін
19 қазан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөз
Елімізде жаңадан екі кәсіби мереке пайда болуы мүмкін, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы ақпарат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Кәсіби мерекелер тізбесі «Азаматтық авиация қызметкерлері күні – 1 ақпан»; «Бұрғылаушы күні – қарашаның үшінші сенбісі» тармақтарымен толықтырылсын, - делінген бұйрық жобасында.
Құжаттың негіздемесінде көрсетілгендей, 1991 жылдың 1 ақпанында Алматы әуежайында Қазақстанда алғаш рет авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған. Бүгінде бұл салада 3 мыңнан астам маман қызмет етеді.
Осылайша жаңартылған тізімге сәйкес елдегі кәсіби мерекелердің жалпы саны 53 болмақ.
Ұқсас жаңалықтар