00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елімізде тағы бір жол ақылы болады

Елімізде тағы бір жол ақылы болады
фото: «ҚазАвтоЖол» компаниясы

26 қаңтардан бастап Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады, деп хабарлады Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Көлік Министрлігінің 2025 жылғы 9-қаңтардағы № 6 Бұйрығына сәйкес, Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Дәлірек айтқанда, ІІ техникалық санаттағы ұзындығы 454 шақырым жол учаскесі ақы алу жүйесіне 2025 жылғы 26 қаңтардан бастап іске қосылады», — делінген хабарламада.

Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самара) — Шымкент» автожолының «Қызылорда-Арал» учаскесінде 6 бақылау арка және клиенттермен жұмыс істейтін орталық бар. Аркаларда орнатылған камералар ақылы учаскелерде автомобильдердің қозғалысын, олардың жылдамдығы мен қарқындылығын, жолдағы жағдайды және т. б. тіркейді.

Сондай-ақ, учаскедегі жағдайды kaztoll.kz сайтындағы «Онлайн трансляция» бөлімінде көруге болады.

«Автожолда төлем бекеттері болмайды, оның орнына ыңғайлы «ашық» төлем жүйесі қолданылады. Шлагбаумдар мен өткізу пункттері қойылмағандықтан кептелістер болмайды, бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сапар уақытын қысқартады», — деп жазылған хабарламада.

Жол жүру төлемі қолма-қол ақшасыз жүргізіледі. Пайдаланушылардың қолайлығы үшін төлем жасаудың 10-ға жуық әдісі бар: интернет-банкингтер, төлем терминалдары мен электрондық әмияндар, ұялы телефон балансынан, Е100 жанармай картасы арқылы, және заңды тұлғалармен келісім шарт жасау.

Алдын-ала төлем әлдеқайда арзан болғандықтан, компания төлемақыны уақтылы жасауға кеңес береді.