Елімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салынады

Бүгін, 15:44
Айман Нығмет Айман Нығмет
views57
Елімізде су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салынады
фото: freepik.com

Түркиялық инвесторлар Қазақстанда су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Министр Нұржан Нұржігітов Түркияның Ardent Plastik және Nigde Plastik компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы Азми Берк Алтунташпен кездесті. Жиында Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Түркиялық кәсіпкерлер Қызылорда облысында су үнемдеу технологияларын – тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін шығаратын зауыт салуды көздеп отыр. Министр мен компания өкілдері жобаның ауқымы, мерзімі және іске асыру тәртібі жөнінде пікір алмасты.

«Мемлекет басшысы су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы мақсатта біз тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін сатып алу мен орнатуға берілетін субсидияны ұлғайттық. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруаларға суару суына берілетін субсидия көлемі артты. Мұндай жүйелердің Қазақстанда өндірісі олардың қолжетімділігін арттырып, тиімді әрі үнемді суару тәсілдеріне көшуді жеделдетуге мүмкіндік береді»,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.