Елімізде аптап ыстық күндері сабақ тоқтатыла ма
Қостанайлық ата-аналар балаларының аптап ыстық күндері мектепте қалай оқитынына алаңдаушылық білдірді, деп жазады Elorda.info.
Аймақтағы климат күрт континенталды екенін және балаларды мектепке тек формада баруға міндеттейтінін ескерсек, ата-аналар көтеріп отырған мәселе орынды, деп жазады inbusiness.kz.Бұдан бөлек мектеп кабинеттерінде кондиционер жүйесі жоқ.
Белгілі болғандай, заңнамада бұл жайт ескерілмеген.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес сабақтарды онлайн режимге көшіруге аяз, боран, қатты жел негіз бола алады. Сондай-ақ, осы жылдың мамыр айында демалыс күндерін ескере отырып, оқушылар үшін тек төрт қосымша оқу күні болатынын атап өтеміз, - деп хабарлады Қостанай облысының білім басқармасы.
Айта кетейік, биыл елімізде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылады.