Елімізде 700-ден астам этномедиатор жұмыс істейді
27 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: assembly.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясы 774 этномедиаторды оқытып шығарды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл мамандардың қызметі ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу жұмыстарына бағытталған, деп жазады Хабар24. Қазір еліміздің 18 өңірінде тікелей халықпен жұмыс істейтін этномедиаторлар бар.
Жалпы қазір Ассамблеяның ауқымы кең. Мыңға жуық этномәдени бірлестік қызмет етеді. Оның ішінде 40 достық үйі, 174 жексенбілік мектеп, 30 волонтерлік орталық бар. Онда 50 мың адам еңбек етеді.
Ассамблея әр жылдары әртүрлі маңызға ие болды. Көптеген азаматтық және этникалық қақтығыстардың алдын алып отырды. Ымыраға және келісімге келетін алаңға да айналды. Қазіргі таңда Ассамблея ел азаматтарын бірыңғай ұлт қылу құралы саналады, - деді саясаттанушы Талғат Қалиев.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 13:40
Павлодар облысында полицияға жалған ақпарат берген әйел айыппұл арқалады
Бүгін, 11:41
Антикор пойыз жолаушыларын тасымалдаушыларға қатысты шағымдарды қарады
Бүгін, 10:19
Түркістан облысында жоғалып кеткен балықшылар аман табылды
24 қараша, 2024
ТЖМ құтқарушылары елордада және оған іргелес елді мекендерде рейд өткізді