Елдегі пойыздарда жаңа қызмет түрі пайда болды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елдегі пойыздарда жаңа қызмет түрі пайда болды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/10/17286201657437389.webp)
Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін еліміздегі барлық пойызда ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі енгізілді, деп хабарлады Elorda.info Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көріп, музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.
Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, vputi.kz сайтына өту қажет.
Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан «Трансфермен жол жүру», «Перроннан үйге дейін», «Арнайы автобус», «Тұрақты шаттл», «Бурабай бойынша трансфер» сияқты сервистік (интермодальдық) қызмет түрлері көрсетіледі.
![Полицейлер бомба туралы жалған хабар таратқан күдіктіні ұстады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173702430143070252.webp)
![Діни басқарма татуировкаға қатысты пәтуа шығарды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173701409944039603.webp)
![Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173702016413886701.webp)
![Ұлттық асхана: Шетелдік БАҚ гастрономиялық дәстүрімізді насихаттап жатыр](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/01/173701173310593979.webp)