Экология министрі қоқыс тарифінің не себепті көтерілгенін айтты


Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысынынан кейінгі өткен баспасөз конференциясында қоқыс тарифінің не себепті көтерілгенін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Журналистер министрдің қоқыс шығару тарифі не үшін көтерілгенін сұрады.
«Тариф бүкіл шығынды жабу керек. Бұл жерде рентабельділік деген ұғымы бар. Яғни компанияның дамуына кетеді. Мысалы, 100 теңгенің 80 теңгесі шығынына кетеді. Оған жалақы, жаңармай, көлік жуу, техникаға қажетті құралдар сату алу сияқты шығындарға кетеді. Қалған 5-10 теңгесі компанияның дамуына кетеді. Әйтпесе компания ақшаны қайдан алады? Үкімет оған ақша бермейді.. Бұл аса қомақты ақша емес. Компания тариф алмаса, қалай жаңа техника алады? Сондықтан басқа амал жоқ»,- деді Ерлан Нысанбаев.