00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Державин қаласының атауы Кенесары болып өзгерді

21 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Державин қаласының атауы Кенесары болып өзгерді
фото: ok.ru

Ақмола облысына қарасты Жарқайын ауданының орталығы енді Кенесары қаласы болып аталады, деп хабарлады Elorda.info Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Дауыс беруге 321 адам қатысса, олардың 192-сі Кенесары атауын жақтады. 4 бюллетень жарамсыз деп танылса, қала атауын өзгертпеуді қолдап 125 адам дауыс берген.

Державин қаласы – Астанадан 482 шақырым қашықтықта орналасқан. 2020 жылғы санақ бойынша 6307 адам тұрады.