Дайрабаевтың ұлдарына қатысты дау: Депутат мандатын тапсыра ма
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары алаяқтық жасады және ірі мөлшерде ақша жымқырды деген айыппен сотталған еді. Енді депутат мандатынан айырыла ма? Бұл сұраққа «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі, депутат Анас Баққожаев Мәжіліс кулуарында жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.
Анас Баққожаев фракция мүшесі Ж. Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмайтынын айтты.
Ол депутаттық мандатын тапсырмайды. Осы орайда фракцияның мәлімдемесін айтып отырмын. Біз оған ешқандай мін таға алмаймыз. Біріншіден, оның жеке басына қатысты аталған істе ештеңе айтылмаған. Екіншіден, оның балалары ересек азаматтар. Олар өз ісіне өздері жауап беруі керек. Олар ауыл шаруашылығымен біраздан бері айналысып келе жатыр. Тәуекелдің барын біледі. Өздерін қорғап, өздері жауапты болуы керек, - деді «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі.