Блогер жер сілкінгенде бағаны өсіретіндерді сынап тастады
4 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Коллаж: Elordainfo.kz
Бүгін Алматыда тағы да жер сілкінісі болды. Шошынған халық далаға қашты. Осындай сәтте такси бағасы да 2 есе өсті, деп хабарлады Elorda.info.
Блогер Ырысбала Икрамбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осыған қатысты пікір білдірді.
Алматының көшелерінің бәрі - кептеліс. Жер сілкінсе, басқа да бірдеңе болса кептеліп қалады. Бәрінің осылай қас қылғандай болатынына кейде таңданамын. Жер сілкіне қалып еді жер үйлер қымбаттады. Құрбан айт кезінде қой қымбаттайды, ораза жақындаса құрма қымбаттайды, жаңа жылда мандарин мен майонез қымбаттайды. Әр қазақ менің жалғызым деп жүргендер халықтың басына күн туған кезде өз бастарын ойлап кетеді. Такси жүргізушілері ақша көріп қалуды ойлайды. Біреу өлмей, біреуге күн жоқ деген осы, - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар