00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Бизнеске жол»: 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды

«Бизнеске жол»: 36 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды
Фото: freepik.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүйелі негізде бизнесті қорғау бойынша жұмыстар жүргізуде. Аталған бағыт шеңберінде «Бизнеске жол» жобасы іске асуда. Бұл жоба шағын және орта бизнестің нақты мәселелерін шешуге бағытталған, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде әкімшілік кедергілерді жоюға байланысты мәселелер бойынша бизнес-қоғамдастықпен тұрақты кездесулер өткізіледі.

Жобаны іске асыру басталғаннан бері 36 420 кәсіпкердің, оның ішінде жыл басынан бері 7 420 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Бизнес субъектілерімен 12 мыңға жуық тергеу әрекетін жүргізу туралы барлығы 1 929 қорытынды қаралды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілерінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Заң бойынша бұндай заңсыз әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - делінген хабарламада.

2023 жылдан бастап осындай фактілер бойынша 12 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 7-еуі заңсыз іс-әрекеттер жасаған кезде мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқарған.

Мысалы, осы жылдың сәуір айында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін елордалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ол мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы заңсыз хабарлама енгізген. Нәтижесінде басқа ұйым жеңімпаз деп танылды. Кәсіпкер лауазымды тұлғаның бұл әрекеттеріне сотқа шағымданған.

Лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралып, 184 600 теңге (50 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.